ЖАҢА КІТАП ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығының мамандары 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми гранттық жоба аясында «Қазақстандағы рухани жерасты мешіттері» тақырыбында анықтамалық жинағын жарыққа шығарды. Кітапта екі жылдың зерттеу нәтижесінде еліміздегі жерасты мешіттерінің тарихына қатысты тың мәліметтер берілген. Анықтамалық жинақты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК Ғылыми кеңесі мақұлдап, баспаға ұсынды. Жобаның жетекшісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазіретәл Тұрсұн.
Кітап авторлары: т.ғ.д., профессор Х.Тұрсұн, т.ғ.к., доцент М.Тастанбеков, PhD докторы М.Исаев, магистр Б.Байболов, С.Шәметов.
«Қазақстандағы рухани жерасты мешіттері» тақырыбында анықтамалық жинақ «BR 10164268 Қазақстандағы рухани жерасты мешіттерінің тарихы және «Қылует жерасты мешітін музейлендіру» ғылыми бағдарламасы аясында жарыққа шықты.
Алдыңғы ақпарат

МАРАПАТ ИЕЛЕРІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

Келесі ақпарат

«Шырақ болып парлаған…» атты тақырыптық көшпелі көрмесі ұйымдастырылады