МАРАПАТ ИЕЛЕРІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

Республика күні мерекесіне орай бір топ әріптестеріміз Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттарын иеленген болатын. Бүгін «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының директоры М.Садықбеков марапаттарды иелеріне тапсырды. Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Мельдаханова Асия марапатталса, Министрліктің Құрмет грамотасын Райкулова Кулан, Бименов Бақытжан иеленді. Ал Рустемова Бейбіткүл, Тыныштықбаева Айгүл, Эшанов Сабриддин, Шәметов Сәкен Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың Алғыс хатын алды.
Марапат құтты болсын, құрметті әріптестер!
Алдыңғы ақпарат

2023 жылы еліміздегі бірқатар мәдени шара ТҮРКСОЙ ұйымы деңгейінде өтеді

Келесі ақпарат

ЖАҢА КІТАП ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ