«Шырақ болып парлаған…» атты тақырыптық көшпелі көрмесі ұйымдастырылады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Астана қаласында, Ұлттық музейде 2022 жылдың 9 желтоқсаны күні (басталуы сағат 11:00-де) «Шырақ болып парлаған…» атты тақырыптық көшпелі көрмесін ұйымдастырады.
«Шырақ болып парлаған…» тақырыптық көшпелі көрме төрт бөлімге топтастырылған:
— Оттың, шырақтың пайда болуы және оның адам өміріндегі маңызы мен қызметі;
— Шырағдандардың пайда болуы және дамуы;
— Шырақтың салт-дәстүріміздегі алатын орны;
— Шырағдандардың классикалық дәрежеге жетуі — ХIV-ХVІІІ ғғ.
Көрме экспозициясына 70-тен астам жәдігерлер қойылады. Оның ішінде, түтін салғыштар. Б.з.д. ХVI-ХV ғғ. және б.з.VII-VIII ғғ., Құрбандық түтін салатын ыдыстар, VII-VIII ғғ., Шырағдан тұтқасы мен тұғырлары, VII-ХIII ғғ., Ғұрыптық қыш ошақтар, ХII-ХIII ғғ., Археологиялық қазбадан табылған шырағдандар, ХI-ХVIII ғғ., Әмір Темір дәуірінен сақталған ХІV ғасырдың түпнұсқа қоладан жасалған шырғандары, сондай-ақ 2018-2020 жж. Күлтөбе қалашығында жүргізілген археологиялық қабадан табылған ХVІ-ХІХ ғғ. тән шырағдандар көпшілік назарына ұсынылады.
Қорында 25 мыңнан астам жәдігері бар еліміздегі іргелі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Астана төрінде көрме өткізудегі мақсаты: қазіргі кезде қолданыстан шыққан, тек кәдесый (сувенир) ретінде жасалатын шырағдандардың шығу тегін, шырақтың пайда болуы мен бүгінгі күнге дейінгі адам өміріндегі қызметін музей қорындағы жәдігерлер – шырағдандарды пайдалана отырып, көпшілікке, әсіресе жас ұрпаққа ұлттық салт-дәстүріміздегі кейбір ұмытыла бастаған рухани ұғымдарды насихаттау және таныстыру, музейлер арасында мәдени байланысты кеңейтуді көздейді.
Көрме 2022 жылдың 9 желтоқсаны мен 2023 жылдың 10 қаңтар аралығында, яғни 1 ай келушілерге қызмет көрсетеді. Жақсыға жаны құмар көпшілікті көрмені тамашалауға шақырамыз.
Алдыңғы ақпарат

ЖАҢА КІТАП ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Келесі ақпарат

«Теңгелер сыр шертеді» тақырыбындағы көрменің ашылу салтанаты өтті.