«Теңгелер сыр шертеді» тақырыбындағы көрменің ашылу салтанаты өтті.

Ел егемендігінің бір белгісі — ұлттық валюта. Ал 15 қараша — ұлттық валюта — теңге күні. Осыған орай бүгін «Әзірет Сұлтан» музей-қорығында «Теңгелер сыр шертеді» тақырыбындағы көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің ашылу салтанатын тамашалауға ҚР Ұлттық банкінің Түркістан облыстық филиалының, Форте Банктің Түркістан қалалық филиалының өкілдері, Түркістан қаласының ардагер әжелері, Түркістан қаласы ардагерлер кеңесінің өкілдері, Түркістан қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің, қалалық қолөнер мектебінің оқушылары, Қ.А.Ясауи ат. халықаралық Қазақ-Түрік университетінің студенттері, қаламызға белгілі керамист Абай Рысбаев бастаған Түркістан қалалық педогогикалық колледжінің студенттері, қаламыздың қонақтары, жалпы саны 200-ден аса көрермен келді.
Көрменің ашылу салтанатында музей- қорықтың директоры М.Садықбеков келушілерді тәуелсіздіктің нышаны — теңге күнімен құттықтап, көрмені тамашалуға келген қаржы саласының қызметкерлеріне, қалалық ЖОО мен мектептерге елдің өркендеуі жолында қоян-қолтық жұмыс жасауға ұсыныс білдірді.
Көрмеге келушілер Түркістан қаласының тарихынан сыр шертетін көне тиындар мен музей қорында сақталған өте сирек, тіпті бірегей үлгіде ғана кездесетін тиындарды түпнұсқадан тамашалауға мүмкіндік алды.
Әсіресе, мектеп оқушылары тарапынан қазақ жерінде айналымда жүрген тарихи ақша түрлері мен 1993 жылы шығарылған егемен Қазақстанның төл валютасы- теңгелердің алғашқы нұсқалары туралы, олардың құндылық мүмкіндіктері жайлы көптеген қызықты сұрақтар қойылды.
Мұғалімдер, оқушалар мен студенттер көрмені тамашалап, еліміздің ақша тарихы жайлы алған мәліметтері үшін алғыстарын айтып тарасты.
Көрме 2022 жылдың 11 желтоқсанына дейін, бір ай көлемінде көрермендер назарына ұсынылатын болады.
Алдыңғы ақпарат

«Шырақ болып парлаған…» атты тақырыптық көшпелі көрмесі ұйымдастырылады

Келесі ақпарат

Ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларды қолдауға арналған «Арман асулары» жаңа жоба жарияланды