
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – елімізде тұратын 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығы мен татулығын, ынтымағы мен өзара құрметін дәріптейтін мемлекеттік мейрам. 1996 жылдан бері атап өтіліп келе жатқан бұл мереке – бейбітшілік пен ортақ құндылықтарды нығайтуға, сан түрлі мәдениеттің жарасымды тоғысына негізделген тағылымды күн.

Бұл күн – «Береке бастауы – бірлік» қағидасын арқау етіп, ел ішіндегі татулық пен келісімді айшықтайтын, ортақ шаңырақ астындағы бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын маңызды мереке.

Қазақстанда қалыптасқан ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың өзіндік үлгісі бүгінде әлемдік тәжірибеде жоғары бағаланып келеді. Түрлі этностардың өзара түсіністік пен сыйластықта өмір сүруі – ел дамуының берік тірегі.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз әрдайым нығая берсін!
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы.