МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

🔹 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні – елдегі бейбітшілік пен татулықты, ынтымақ пен өзара құрметті айшықтайтын ерекше мереке. Бұл күн – көпұлтты халқымыздың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқанын паш ететін маңызды дата.
🔹 Қазақстанда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері өзара түсіністік пен сыйластық негізінде өмір сүруде. Әрбір этностың тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрі сақталып, дамуына кең мүмкіндік жасалған. Осындай келісім мен жарасым – еліміздің ең басты байлығы әрі тұрақты дамудың берік негізі.
🔹 Бірлік – жай ғана ұғым емес, ол – ортақ мұратқа бастайтын қуатты күш, жарқын болашаққа деген сенімнің символы. Халқымыздың ынтымағы мен достығы әрдайым нығайып, елімізде тыныштық пен тұрақтылық салтанат құра берсін.
🔹 Айтулы мереке қарсаңында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған туындылар ел бірлігі, достық пен татулық тақырыптарын арқау етіп, оқырманға рухани азық сыйлайды. Кітап – ұлттың жадын жаңғыртып, сананы серпілтетін асыл қазына, бірлік пен парасаттың алтын көпірі.
М.Көпеева, кітапханашы.
Алдыңғы ақпарат

ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК — ЕЛ БАЙЛЫҒЫ

Келесі ақпарат

Ахмад Йасауи Бурхан ад-дин Қылычтың еңбегінде: танымал дегенмен белгісіз болып келген бір орталықазиялық сопы әулиеге жасалған ең ерте сілтеме