
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының міндетін атқарушы Дүкенбаев Нұрлан Мұсағалиұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Бұл музей-қорық ұжымы үшін де үлкен қуаныш. Біз мұны ұжымдық еңбегіміздің бағалануы деп білеміз.
Нұрлан Мұсағалиұлын төсіне таққан «Ерен еңбегі үшін» медалімен шын жүректен құттықтай отырып, жұмысына сәттілік, деніне саулық тілейміз.
Құрметпен, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы.