
Бүгін облыстық «Фараб» кітапханасында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын болып өтті.
Жиынға қатысқан облыс әкімі Нұралхан Көшеров сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бір қатар азаматтарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген наградаларды табыстады.
Марапат иелерінің сапында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының міндетін атқарушы Дүкенбаев Нұрлан Мұсағалиұлы да бар. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Сондай-ақ, салтанатты жиында облыстық маслихат төрағасы Нұралы Әбіш, «Аманат» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттап, алғыс хат тапсырды. Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.