
Бүгін «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Түркістандағы «Ұлы дала елі» орталығында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Кәсіподақтың Түркістан облыстық филиалының төрағасы Асылхан Темірхан мәдениет және өнер саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлерге арнайы төсбелгілерді табыстады.
Марапат иелерінің қатарында «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының кітапханашысы Копеева Меруерт Әлиевна да бар. Ол мәдениет саласындағы елеулі еңбегі үшін «Мәдениет саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Төсбелгі табыстау рәсімінен кейін, 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануына орай, «Кәсіподақ және жұмысшы мамандық» жобасы аясында музей саласы бойынша «Үздік жұмысшы маман» атты облыстық байқау өтті.
Байқауға «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының музей қараушысы Асқарова Эльвира қатысып, өз кәсіби біліктілігін, тәртіптілігі мен жауапкершілігін жоғары деңгейде көрсетіп ІІ орын иеленді.
Бұл бастамалар – сала мамандарының еңбегін бағалау, олардың мәртебесін арттыру және жігерлендіру жолындағы маңызды қолдау.
А.Саматқызы, баспасөз хатшы.