
18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастыруымен өткен ауқымды «Музей түні» мәдени-көпшілік шарасы «Ясауи» музейіндегі «Түнгі музей» салтанатты бағдарламасымен бастау алды. Рухани мұра мен ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тағылымды кешке қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналып, тарихи-мәдени ортадағы ерекше атмосфераның куәсі болды.

Таным мен тағылым тоғысқан мазмұнды шара барысында келушілерге халқымыздың бай тарихы мен мәдениетін дәріптейтін түрлі көрмелер мен интерактивті бағдарламалар ұсынылды. Мәдени кештің басты мақсаты – музей қорындағы тарихи жәдігерлерді кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақтың ұлттық тарих пен рухани мұраға деген құрметін күшейту. Әсерлі кеш барысында келушілер тек музей экспонаттарымен танысып қана қоймай, халқымыздың мәдениеті мен тарихына терең бойлауға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, түнгі сағат 00:00-ге дейін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы аумағына кіру барлық келушілер үшін ашық болды.
А.Әлібек, баспасөз хатшысы.