МАҢЫЗДЫ :

nothing found

МУЗЕЙ-ҚОРЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында салтанатты шара ұйымдастырылды.

Музей-қорық директорының міндетін атқарушы Нұрлан Дүкенбаев ұжымды мерекемен құттықтап, жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ол мәдени мұраны сақтау мен насихаттау жолында қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегіне жоғары баға берді.

Салтанатты жиында Н.Мұсағалиұлы музей-қорықтың ардагер қызметкері Рахия Жүзбаеваға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін және Марат Тұяқбаевқа ҚР Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаеваның Алғыс хатын табыстады.

Сондай-ақ, музей-қорық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұрат Тастанбеков әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар музей қызметкерлеріне музей директорының міндетін атқарушы Н.Дүкенбаевтың Алғыс хатын табыс етті.

Сонымен қатар, «Музей педагогикасы: тарихы және аудиториямен өзара әрекеттесудің трендтері» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысып, біліктіліктерін арттырған қызметкерлерға арнайы сертификат табысталды.

Мұндай марапаттар – музей қызметкерлерінің төл мәдениетімізді сақтау жолындағы табанды еңбектерінің көрінісі. Шара соңында марапат иелеріне шығармашылық табыс пен сәттілік тілеп, жылы лебіздер айтылды.

А.Саматқызы, баспасөз хатшы.

Алдыңғы ақпарат

Түркістан — Есім хан тұсында Қазақ хандығының астанасы болған

Келесі ақпарат

Керамикалық дастархандардың түрлері мен мәдени маңызы