Түркістан облысы әкімдігі, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы, Қ.А.Ясауи ат. ХҚТУ, т.б. ұйымдастыруымен Rixos Turkistan қонақ үйінде «Ескерткіштерді қорғайтын халық» құнды мұра, қасиетті орындар мен тұрақты туризм бойынша халықаралық конференцияға өтіп жатыр. Осы конференция аясында «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қатысуымен тағы бір халықаралық маңызға ие құжатқа қол қойылды. Ол Өзара түсіністік туралы Меморандум.
Бұл үш жақты Меморандумға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Мәулен Садықбеков, Таяу Шығыс пен Азиядағы Турин археологиялық зерттеу және қазба орталығының (CRAST) президенті, профессор Карло Липполис және Турин мұражайлары қорының (FTM) бас хатшысы, доктор Элизабетта Ратталино қол қойды.