25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы бүгін, 19 қазанда Түркістан қаласындағы №2 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің базасында «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбында фото, кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрме экспозциясына 30-дан астам фотосуреттер мен тәуелсіздік, киелі-тарихи орындар, салт-дәстүрлерге қатысты кітаптар және Егемендік туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің қаулысымен қабылданған құжаттар көпшілік назарына ұсынылды. Көрмені №2 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің 8,9,10 сынып оқушылары, ұстаздары тамашалап, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2022/11/312355155_2352685578221410_2863020032798778250_n.jpg)
![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2022/11/312355155_2352685578221410_2863020032798778250_n.jpg)
Көрмені ұйымдастырушылар Мемлекеттік егемендік туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің қаулысымен қабылданғандығын, онда ҚазКСР егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері бекітілгендігін тілге тиек етті. Көрме соңында ұйымдастырушылар мектеп кітапханасына музей-қорықтың шығарған баспа өнімдерін сыйға тартты.
«Менің Отаным — Қазақстан» көрмесі қаладағы басқа да мектептерде жалғасын табады.![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2022/11/312340727_2352685644888070_3283536944607907341_n-768x1024.jpg)
![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2022/11/312340727_2352685644888070_3283536944607907341_n-768x1024.jpg)