«Ясауитану-2022» республикалық байқауы мәреге жетті

«Ясауитану-2022» республикалық байқауы мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталды. Бас жүлде — Сәрсенбай Сабина (Түркістан обл.), 1орын — Рысбекова Аруна (Түркістан обл.).
2 орын екеу: Зейнелғабылова Жаннұр (Ақтөбе обл.), Оралбай Ұлдана (Жамбыл обл.).
3 орын үшеу: Танирберген Жанель (Шымкент қ.), Бейсенбай Нұрдана (Түркістан обл.), Өтебек Ұлмекен (Түркістан облысы).
Сондай-ақ үш оқушыға ынталандыру сыйлықтары берілді. Олар: Қонарбай Қарақат (Шымкент қ.), Қауысова Жансая (Ақтөбе обл.), Тастыбай Аяулым (Жетісу обл.).
Ал Қостанай облысынан келген Әдебова Нұрсила «көрермен көзайымы» жүлдесін иеленді.
Білім бәйгесінде оза шапқандардың бәрі де қаржылай сыйлық иеленді. Мәреге жете алмаған оқушылар да назардан тыс қалған жоқ. Олардың бәріне «Ясауитану-2022» республикалық байқауына қатысқаны үшін арнайы диплом және музей-қорық шығарған баспа өнімдері сыйға тартылды. Ал оқушыларды байқауға дайындап, алып келген ұстаздар «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының директоры Мәулен Жарылқасынұлы Садықбековтың алғыс хатымен марапатталды.
Алдыңғы ақпарат

«Мифтаһ»

Келесі ақпарат

Меморандумға қол қойылды