МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҮЙІРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА КЕЗЕКТІ ДӘРІС

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы жанынан құрылған «Ясауитану» клубында «Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» қолжазба кітаптарын шағатай тілінен үйрену» тақырыбында кезекті дәріс өзінің жалғасын тапты.
🔹Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі сопылық идеяны жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығарма. Қожа Ахмет Ясауи өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәпсірлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» 1887-1901 жылдары Қазанда, 1901 жылы Ыстамбұлда, 1902-1911 жылдары Ташкент баспаларынан жарық көрген. «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қорында «Диуани хикметтің» 1845 жылы көшірілген қолжазба нұсқалары мен «Рисалла дар адаби тариқат», «Пақырнама», «Миратул қулуб», «Насабнама» шежірелік қолжазбалары сақтаулы.
🔹Дәрісті музей-қорықтың кіші ғылыми қызметкері Ұ.Жүнісбаев жүргізіп, алдымен оқушыларға араб графикасындағы әріптерге жеке тоқталды. Себебі, шағатай тілін меңгеру үшін, араб графикасындағы әріптерге аса мән беріледі. Дәрісте үйірме оқушылары араб графикасындағы әріптерді меңгеруге аса қызығушылықтарын танытты. Текстолог маман Ұ.Жүнісбаев тіл үйрену оңай шаруа еместігін алға тартып, дейтұрғанмен үйірме оқушыларымен алдағы уақытта да тығыз жұмыс жүргізіп, олардың шағатай тілін үйренулеріне барлық жағдай жасайтындығын жеткізді.
«Ясауитану» үйірме орталығының кезекті дәрісі ақпан айында жалғасын табатын болады.
Алдыңғы ақпарат

КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ҺӘМ ДӘРІС ӨТТІ

Келесі ақпарат

«О.Дастанов жауапты сақтаушы» тақырыптық көрме