
Ертең, 2026 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында «Қ.А.Ясауи кесенесінің зерттелуі және реставрация тарихы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді.

Бүгін халықаралық іс-шара қарсаңында шетелдік және отандық ғалымдар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы барып, тарихи нысанның бүгінгі жай-күйімен танысты. Олар кесененің қазандық бөлмесін аралап, оның сақталу деңгейін зерделеді. Сондай-ақ сапар барысында қатысушылар Мониторинг орталығына барып, «Хан мешіті», «Хан ордасы» және «Жеті ата қақпасы» секілді маңызды тарихи орындарды көріп, кешеннің құрылымдық ерекшеліктеріне қанықты.

Айта кетейік, семинар жұмысына Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Қазақстан Республикасынан тарих, археология, сәулеттану салаларының жетекші ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ сабақтас салалардың мамандары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері қатысады. Іс-шара аясында Қ.А.Ясауи кесенесінің зерттелу тарихына арналған көрме ұйымдастырылады.
А.Әлібек, баспасөз хатшысы.