Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2026 жылғы 21 наурыз күні «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін музей жұмысы уақытша тоқтатылып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағы келушілер үшін жабық болады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі.