МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Ұлттық киім күні құтты болсын!

🔹  «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан «Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күнін ерекше мәнде атап өтті.
🔹  Бұл күн – халқымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен рухани-мәдени мұрасын жаңғыртып, ұлттық болмысты айшықтайтын киім үлгілерін ұлықтауға арналған тағылымды мереке. Іс-шара барысында музей-қорық қызметкерлері қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп, олардың тарихи мәні мен эстетикалық ерекшеліктерін кеңінен насихаттады.
🔹  Осындай игі шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет қалыптасып, төл мәдениетімізге деген қызығушылық арта түсері анық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ізгі ниетпен,
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі
Алдыңғы ақпарат

Хан мешітінде баспасөз туры өтті

Келесі ақпарат

ХАБАРЛАНДЫРУ