МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Жаңару күні құтты болсын

Құрметті әріптестер, қадірлі қауым!

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан «Наурызнама» онкүндігі аясындағы 19 наурыз – Жаңару күнімен шын жүректен құттықтайды!

Жаңару күні – табиғатпен бірге тіршіліктің түлеп, жаңа леппен тыныстауын бейнелейтін, үміт пен игі бастамалардың бастауы болатын ерекше күн. Бұл мереке – өткенді саралап, болашаққа нық қадам басуға, жаңаша серпінмен дамуға үндейді.

Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен береке тілейміз. Әр күніңіз жаңару мен жақсылыққа толы болсын, ел іргесі берік, жұртымыз тыныш болғай!

Ізгі ниетпен,
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі

Алдыңғы ақпарат

ХАБАРЛАНДЫРУ

Келесі ақпарат

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!