Бұқар жыраудың туғанына 355 жыл

Биыл Қазақ халқының аса көрнекті ойшылы, атақты Абылай ханның ақылшысы болған абыз, халық арасында «көмекей әулие» атанып кеткен Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 355 жыл толып отыр.
Бұқар жыраудың туған жері — Бұхара қаласы. Ол Бұқарадағы Көкілташ медресесінде 1695-1702 жылдары оқып, оны бітірген соң Қазақ хандығының астанасы – Түркістан шаһарының маңындағы Қарнақ медресесінде мүддәріс дәрежесінде ұстаздық қызметін атқарады. Осыған орай бүгін Түркістан облысына қарасты Қарнақ ауылында, кезінде өзі бірнеше жыл ұстаздық қызмет атқарған медресе, бүгінгі «Шаммат Ишан» музейінде абыз бабамызға арнап мемориалдық тақта орнатылды. Келелі шараның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик Алтынбек Нұхұлы, жазушы, әдебиет сыншысы, ф.ғ.д. профессор Құлбек Ергөбек, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының директоры Мәулен Садықбеков, т.б. лауазымды тұлғалар, құрметті қонақтар, БАҚ өкілдері қатысты.
Алдыңғы ақпарат

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРЫ

Келесі ақпарат

«МУЗЕЙГЕ ЖОЛ» ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА