ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРЫ

Биыл «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының құрылғанына 45 жыл толып отыр. Осыған орай, қала мектептерінде көшпелі көрмелер, кездесулер, дәрістер ұйымдастыру жұмыстары жалғасын табуда.
2023 жылдың 25 қыркүйек күні №19 Төле би атындағы жалпы орта мектебінде «Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұралары» тақырыбында көшпелі көрме, лекция ұйымдастырылды.
Көрме – қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың рухани мұраларын насихаттау, Ұлы баба өнегесімен оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке және елдік санаға баулуды мақсат тұтады.
Көрме экспозициясына Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабының ХХ ғасырдың басында Қазан, Тәшкент, Стамбул баспаларынан шыққан нұсқалары, кесененің бірегей фотосуреттері, Әмір Темір сыйға тартқан шырағданның ХІХ ғасырда түсірген фотосуреттері, музей қорында сақталған этнографиялық жәдігерлер қойылды.
Алдыңғы ақпарат

ҚАҚПА ЕСІКТЕГІ БЕЛГІСІЗ ЖАЗБА

Келесі ақпарат

Бұқар жыраудың туғанына 355 жыл