«МУЗЕЙГЕ ЖОЛ» ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Түркістан қаласы әкімдігі, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі бірлесіп «Музейге жол» шарасын үстіміздегі жылдың ақпан айында бастаған болатын. Мектеп оқушылары жазғы демалыста болған уақытта қала балабақшаларындағы тәрбиеленушілер музейге келіп, құнды жәдігерліктермен танысқан болатын.
Бүгін қаламыздағы №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының 6-шы, 7-ші сыныптарының 100 оқушысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Рәбия Сұлтанбегім кесенесі, Есім хан, Тәуке хан, Жұма мешіті, Қылует жерасты мешіті музейі, Шығыс моншасы музейі, Түркістан тарихы музейінің экспозициясымен танысты. Оқушыларды бастап келген №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылары музей әкімшілігіне алғыстарын білдірді.
Шара өскелең ұрпақты ұлы тұлға Қожа Ахмет Ясауидің мұрасы арқылы елдік санаға баулу, интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру, Кесенеде жерленген тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін жас ұрпақтың бойына сіңіру, тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау, байырғы жәдігерлердің тарихымен таныстыруды мақсат тұтады. Жыл соңына дейін қаламыздағы мектептер мен балабақшадан он мыңнан астам оқушылар экскурсиямен қамтылады деп жоспарлануда.
Алдыңғы ақпарат

Бұқар жыраудың туғанына 355 жыл

Келесі ақпарат

ТҮРКІСТАН МЕН ШУША ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСТІ