Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі танымдық тұрғыда ұйымдастыру мақсатында 2026 жылғы 26 мамыр мен 31 тамыз аралығында қазақстандық мектеп оқушылары үшін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты барлық музейлерге кіру тегін болатынын хабарлаймыз!

Жас ұрпақты тарихи-мәдени мұрамен танысуға шақырамыз!
Құрметпен,
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі.