МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

🔹 Түркістан төрінде өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті халықаралық деңгейдегі маңызды саяси-мәдени шаралардың біріне айналды. Ауқымды басқосуды жоғары дәрежеде ұйымдастыруға және мазмұнды өткізуге елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
🔹 Ясауи музейінде өткен салтанатты жиында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Дүкенбаев Президенттің ыстық ықыласы мен шынайы ризашылығын жеткізіп, марапаттарды табыстады.
🔹 Мемлекет басшысының Алғыс хаты – ел игілігі жолындағы адал еңбекке берілген зор құрмет пен сенімнің айқын белгісі. Бұл мәртебелі марапатқа музей-қорықтың бірқатар қызметкері ие болды. Саммит аясында әріптестеріміз жоғары жауапкершілік танытып, қонақтарды қарсы алу, мәдени бағдарламаларды ұйымдастыру және іс-шаралардың талапқа сай өтуі жолында аянбай еңбек етті. Күн-түн демей атқарылған қажырлы еңбек пен кәсіби шеберліктің нәтижесінде Түркістанның мерейі үстем болып, рухани шаһардың беделі биіктей түсті.
🔹 Саммит аясында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары мен ресми делегация өкілдеріне «Сирек жәдігерлер залы» көрмесі кеңінен таныстырылып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихи-рухани маңызы мен баға жетпес мұрасы жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынылды.
🔹Әріптестерімізді осындай жоғары марапатпен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, алар асуларыңыз биік болсын! Ұжымымыздың абыройын асқақтатып, толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы
Алдыңғы ақпарат

ХАБАРЛАНДЫРУ

Келесі ақпарат

ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДОДАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ