МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Халықаралық семинар аясында құнды жәдігерлер таныстырылды

🔹 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында өткен «Қ.А.Ясауи кесенесінің зерттелуі және реставрация тарихы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар аясында қонақтар «Сирек жәдігерлер залы» көрмесімен танысты. Көрме барысында қатысушылар тарихи құндылығы жоғары бірегей жәдігерлерді тамашалап, олардың ғылыми маңызы мен мәдени мұра ретіндегі ерекшеліктеріне терең бойлады.
🔹 Аталған халықаралық семинар жұмысына Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген және отандық тарих, археология және сәулеттану салаларының жетекші ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері белсенді қатысты. Бұл жиын өзара тәжірибе алмасуға, ғылыми байланысты нығайтуға және мәдени мұраны сақтау бағытындағы өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мол мүмкіндік берді.
А. Әлібек, баспасөз хатшысы.
Алдыңғы ақпарат

«Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің зерттелу және реставрация тарихы»

Келесі ақпарат

ТАҒЫЛЫМДЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ