МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Хан мешіті ХVII-XVIIIғғ

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен батысқа қарай 300 жерде орналасқан тарихи орын- Хан мешіті ХVII-XVIIIғғ. ескерткіші. Аталған тарихи нысанның экспозициясына музей-қорық қорында сақталған археологиялық материалдар мен қолжазба мұралар қойылды. Атап айтсақ, XVIII-ХІХ ғғ. мерзімделетін маржан тастардан жасалған моншақ түрлері мен қыш бұйымдар: ұршық бастар, күнделікті тұрмыста пайдаланылған ыдыс түрлері: құмыра, табақ, шыңыртырлы тағара, көзе және құман түрлерін көре аласыздар.

Ал, негізгі мешіт бөлмесіне апарар орталық бөлмеге өсімдік тектес өрнекпен әшекейленіп насх, сульс және, жами үлгілерімен жазылған құран аяттарының, Алла Тағаланың көркем есімдері мен пайғамбар хадистерінен үзінділер бейнеленген шағын картиналар, сонымен қатар парсы тілінде жазылған «Шарх уль мухтасар уиқая» кітабы, VІІІ ғасырда араб графикасының куфи үлгісімен жазылған (Катта Лангар қолжазба құранының көшірмесі) Құран Кәрім, Қазан баспасынан басылып шыққан Құран кітабы мен құнды қолжазба кітаптар экспозициядан орын алған.

Жоғары лауазымды тұлғалар (хан-сұлтандар т.б) арнайы намаз оқитын мақсура бөлмесіне де қасиетті құран аяттарының үзінділері мен діни лауазым иесіне (имамға) берілген диплом көшірмесі, құран кәрімнің түркі тілінде берілген түсіндірмесін көруге болады.

Алдыңғы ақпарат

Музей-қорық кітапханасы жаңа кітаппен толықты

Келесі ақпарат

Музей-қорық қорындағы тағы бір құнды жәдігер