МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Музей-қорық қорындағы тағы бір құнды жәдігер

🔹«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының жазба ескерткіштер қорында қолжазба №КК 338/40 «Мишкәт әл-Масабих» еңбегі сақтаулы. Бұл еңбек – Хадис ғылымының жинағы, құнды мұраларымыздың бірі. Қолжазба XVIII-XIX ғасырларға тиесілі.
«Бұл еңбекті алғашында әйгілі ғалым Әбу Мұхаммад әл-Хусайн ибн Масғуд әл-Фарра әл-Бағауи (1122 ж.) тарапынан «Масабих әс-Сунна» деген атпен құрастырылған. Кейінірек, бұл еңбекті белгілі ғалым Уәлиуддин Әбу Абдуллаһ Мұхаммад ибн Абдуллаһ әл-Хатиб әт-Табризи (шамамен 1340 ж.) толықтырып, жаңа хадистер қосып, «Мишкәт әл-Масабих» деп атады.
🔹Қолжазбаның хадистері сулс жазбасымен жиектерінде (шарх) түсіндірмелері настағлик үлгісінде жазылған. Қолжазбада Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сахих хадистері мен хасан хадистер берілген. Қолжазбаның жазу ерекшеліктеріне келетін болсақ, негізгі мәтін насх үлгісінде қара сиямен жазылған, тақырыптары мен бөлімдері қызыл түспен ерекшеленген, жиектеріндегі түсіндірмелері (шәрһ) настағлик үлгіде жазылған. Қолжазба көлемі қалың үлкен кітап 1 том, әр бетте 15 жолдан жазылған, жиектерінде настағлик үлгісінде араб тілінде түсіндірмелері майда жазууларменжазылған, сақталуы түптелуі жақсы, парақтары сарғайған, бірақ алғашқы және соңғы беттері сақталмаған. XVIII-XIX ғ. тиесілі қолжазба түпнұсқа автордың өз қолымен жазылмаған, көшірме нұсқа болып табылады. Дегенмен, палеографиялық және кодиокологиялық тұрғыдан ол сирек кездесетін, құнды мұра болып саналады. Сахихаль Бұхари еңбегімен салыстыратын болсақ ұқсастықтары бар: екеуі де хадистер жинағы. Ислам ғылымындағы орны – екеуі де мұсылман әлемінде аса құнды дереккөз ретінде кеңінен қолданылды.
🔹Айырмашылықтары тек, құрастыру тәсілінде, Сахих әл-Бұхари (Имам әл-Бұхари, 810-870 ө.с) тек қана сахих хадистерді қатаң шарттармен іріктеп жинады. Әр хадис иснады мұқият зерттеліп, сенімсіз риуаяттар кіргізілмеді. Ал, Мишкәт әл-Масабих еңбегі (әт-Табризи, шамамен 1340 ж.). болса, Бағауидің «Масабих әс-Сунна» еңбегіне сүйенген, хадистер қосып, толықтырылған және жиектерінде түсіндірмелері жазылған. Тек сахих хадистер емес, хасан деңгейіндегі хадистерді де қосқан. Оқырманға түсінікті болу үшін екеуінде де тақырыптық жүйелеу жазылған. Уақыты мен кезеңіне тоқталсақ, Сахих әл-Бұхари – ІХ ғасырда (ерте кезеңде) жазылған, хадис ғылымының алтын дәуірінің жемісі. Мишкәт әл-Масабих XIV ғасырда (кейінгі кезеңде) жазылған, Бұхари мен Мүсілім жинақтарынан кейінгі кең көлемді «оқулық» сипаттағы еңбек. Қолжазбалардың құндылығы: Сахих әл-Бұхари – хадистердің ең сенімдісі саналатын, исламдағы дереккөз. Фиқһ, ақида, хадис ғылымында басты негіз. Мишкәт әл-Масабих – хадистерді оқыту, түсіндіру, діни насихат пен тәрбие жұмыстарына қолдану мақсатында жүйеленген.
🔹Еңбек ғылыми орталардан бөлек, медреселерде оқу құралы ретінде кең тараған. Сахих әл-Бұхари – хадис ғылымының сенімділік шыңы, қатаң іріктеуден өткен жинақ. Мишкәт әл-Масабих – кейінгі дәуірде жазылып, хадистерді тақырыптарға бөліп, жеңіл әрі түсінікті етуге бағытталған оқыту және түсіндіру құралы болып табылады.
К.Асетова,
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы «Ясауитану» ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері
Алдыңғы ақпарат

Хан мешіті ХVII-XVIIIғғ

Келесі ақпарат

ТҮРКІСТАНДА КӨРНЕКТІ АРХЕОЛОГ МАРАТ ТҰЯҚБАЕВТЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ