
Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми кітапхана қоры тағылымы терең жаңа туындымен толықты. Тарихшы, ғалым Тоқтархан Тезеков өзінің «Шұбар атты Бөдес батыр және туыс аталарым» атты кітабын музей-қорық кітапханасына тарту етті.

Бұл еңбек – ел тарихындағы елеулі тұлғалардың өмір жолын, ерлік шежіресін және ұрпақ сабақтастығын арқау еткен құнды дүние. Кітаптың қорымызға қосылуы – ғылыми айналымды байытып, келушілер мен зерттеушілер үшін маңызды дереккөз болмақ.

Кітапхана қорын толықтыруға елеулі үлес қосқан Тоқтархан Кәрімұлына шынайы алғысымызды білдіреміз. Рухани қазынаны көбейту жолындағы бұл игі іс – білім мен мәдениетке деген құрметтің жарқын көрінісі.
А.Әлібек, баспасөз хатшысы.