
Бүгін, Ұлыстың ұлы күні – 22 наурызда, «ЦентрКредит Банк» АҚ-ның демеушілігімен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының және Банктың Түркістан қалалық филиалының ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарына музей-қорық аумағында киіз үй тігіп, ақ дастарқан жайды.

Мерекелік көңілде өткен шарада қонақтар ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Айта кету керек, «ЦентрКредит Банк» АҚ бұған дейін де қоғамдық-мәдени бастамаларды қолдап келеді. Атап айтқанда, 20 наурызда Ұлттық спорт күні аясында музей-қорық қызметкерлері арасында өткен жарыстардың жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табыстап, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосқан болатын.
К. Есжанова, сыртқы байланыстар және креативті индустрия бөлімінің басшысы м.а.