
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан «Наурызнама» онкүндігі аясында 21 наурыз – Ынтымақ күнін ерекше мазмұнда атап өтті.

Мейрамға орай «Ынтымағы жарасқан ел – бірлігі бекем ұжым» тақырыбында тағылымды іс-шара ұйымдастырылып, ынтымақ пен ырыс-берекенің мәні кеңінен насихатталды. Іс-шараның басты мақсаты – ұжым арасындағы бірлік пен татулықты нығайтып, жаңа жылды ізгі ниет, ақ тілектермен қарсы алу.

Іс-шара барысында ақ дастархан жайылып, бауырсақ, құрт, талқан сынды ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар, наурыз көже мен сүмәләк әзірлеу дәстүрі таныстырылып, олардың маңызы түсіндіріліп, келушілерге дәм ұсынылды.

Тағылымды басқосуда әз-Наурызға қатысты сұрақтар қойылып, белсенділік танытқан қызметкерлерге арнайы сыйлықтар табысталды. Шара соңы ақжарма бата-тілек пен әсем ән-жырға ұласты. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ізгі ниетпен,
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі