
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан «Наурызнама» онкүндігі аясында 23 наурыз – Тазару күнін ерекше мән-мағынада атап өтті.

Бұл күні ұжым қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, айналаны абаттандыруға белсене атсалысты. Кесене маңын тазалап, сырлау, әктеу жұмыстары арқылы тарихи орынның ажарын айқындап, қаланың көркіне көрік қосты.

Тазару күні – тазалық пен жаңғырудың, ізгі бастамалар мен игі істердің символы. Осы орайда музей қызметкерлері ортақ іске жұмыла кірісіп, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ізгі ниетпен,«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі