«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып жатқан «Наурызнама» онкүндігі аясындағы 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнімен шын жүректен құттықтайды.
Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасы мен бай салт-дәстүрін ұлықтайтын ерекше мереке. Ұлттық құндылықтарды насихаттап, өскелең ұрпақтың бойына ата-бабадан қалған асыл дәстүрлерді сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ұлттың рухани қазынасы болып табылатын мәдениетіміз бен дәстүрлеріміз әрдайым жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, береке-бірлігіміз баянды болсын!
Ізгі ниетпен,
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының әкімшілігі









