Құрметті отандастар!
Сіздерді «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы атынан «Шаңырақ күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!
Шаңырақ – қазақ халқы үшін отбасының, бірліктің, татулық пен берекенің киелі нышаны. Бұл күн – әрбір шаңырақтың шаттығы мен тыныштығын, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық құндылықтарымыздың беріктігін айшықтайтын ерекше мереке.
Осы айтулы күні әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, өзара түсіністік пен мейірім тілейміз. Отбасыларыңыз әрдайым қуанышқа, жылылыққа толы болып, ел іргесі берік, бірлігіміз нығая берсін!
Ізгі тілекпен,
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымы









