МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Ясауитану – 2026» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті

2026 жылдың 13 наурыз күні Шымкент қаласында «№1 TALANT» ЖШС базасында жалпы білім беру ұйымдарының 6–11 сынып оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану – 2026» республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
🔹Байқауға қаладағы 44 білім беру ұйымынан 44 оқушы қатысып, олардың барлығы да 40 хикметті жатқа айту бойынша білімдерін сынға салды. Сайыс екі кезең бойынша ұйымдастырылды:
🔸 «Хикмет жарысы»
🔸 «Сұрақ-жауап» кезеңі
🔹Байқау қорытындысы бойынша республикалық кезеңге бас жүлде және І, ІІ, ІІІ орын иегерлері атанған 6 оқушы жолдама алды.
🏆 Жеңімпаздар:
🥇 Бас жүлде – Шильтерханова Адиа Сарманқызы, №62 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы.
🥇 І орын – Әуелбек Ерасыл Нұрсейтұлы, №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
🥈 ІІ орын – Баратбек Айда Алижанқызы, №118 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы.
🥉 ІІІ орын:
– Айбекқызы Фатима, «Intellekt» физика-математикалық мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;
– Ерғазы Нұрдана, №99 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы;
– Бижігіт Жәудір Нұрболатқызы, №86 жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы.
🔹Байқаудың негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қазақтың ұлы ойшылы, сопылық ілімнің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын насихаттау, оның хикметтеріндегі тағылымды ойларды кеңінен таныту.
Алдыңғы ақпарат

Йасауи, Ахмад

Келесі ақпарат

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні құтты болсын!