25 қазан — Республика күні. Осы айтулы мерекеге орай бүгін «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы арнайы көрме ашты. Көрме «Зергерлік өнер – ұлттық мұра» деп аталады. Көрмеге ХVIII-ХIХ ғғ. тән 130-дан аса зергерлік бұйымдар, яғни музейлік жәдігерлер қойылады.
Көрмені музей-қорық директоры Мәулен Жарылқасынұлы Садықбеков сөз сөйлеп ашты.
Мәдени шараға жиналған көпшілік арнайы экскурсия тыңдап, көрмені тамашалады.![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2022/11/312617237_2354498934706741_1910362085830304231_n-1024x576.jpg)
![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2022/11/312617237_2354498934706741_1910362085830304231_n-1024x576.jpg)
Шара аясында Түркістан қаласы қолөнер мектебінің оқытушысы, зергер-шебер Әбдірейм Сұлтанғали Темірұлы шеберлік өнерін көрсетті.
Көрменің мақсаты: дәстүрлі қазақ зергерлерінің қол өнер бұйымдарын және сол заттарға байланысты ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды насихаттау.
Көрме келушілерге бір ай бойы қызмет көрсететін болады.![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2022/11/312590186_2354498968040071_4957124397729335389_n-1024x682.jpg)
![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2022/11/312590186_2354498968040071_4957124397729335389_n-1024x682.jpg)