ҚАЗАН. VІІІ ғ.

Қазан бүйірі домалана келген, астыңғы жағына үш тармақ тәрізденіп ұзынша аяқ  жасалған. Өлшемі: һ-17 см, d-ернеуі — 11,8 см, d-бүйірі-16 см. Мойыны ернеуіне қарай аздап кеңейіп сыртқа қарай шалқая шыққан. Сыртында кішкене алты бүртігі бар.

Қазан көшпелі өмір салтына арналып  жасалған. Тап осындай аяқты қазандар көшу-қону барысында ешбір жерошақ қазуды, немесе тас ошақ қалауды қажет етпей-ақ қысқа уақытқа аяқ шалдыру кезінде отқа, шоққа қойып тамақ жылыту немесе сүт пісіру үшін қолданылған. Ал, қазандардың құлағы иығына жабыстыра, жарты ай түрінде немесе құлақ сияқты қалқитып жасалған түрлері жер не тас ошаққа арналғандары болып табылады. Мұнан өзге музей қорында орта ғасырларда пайдаланылған қазандардың бірнеше түрі бар. Сидақ ата қаласынан, археологиялық қазбадан табылған. Музей қорына 2004 ж. қабылданған.

Алдыңғы ақпарат

«Зергерлік өнер – ұлттық мұра» көрмесі ашылды

Келесі ақпарат

Мәдениет, спорт, архив және туризм салаларының қызметкерлері мемлекеттік марапатқа ие болды