Қызыл Әскер жалпы орта мектебіне «Рухани астана Абайды ұлықтайды» тақырыбында көрме қойылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып, 10 ақпан 2020 жылы Кентау қалалық білім бөліміне қарасты Қызыл Әскер жалпы орта мектебіне «Рухани астана Абайды ұлықтайды» тақырыбында көрме қойылды. Көрмеде Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсетуді және Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, Алтын Ордаға 750 жылдық мерейтойын атап өтуді мақсат тұтады.

Көрмеде музей қорынан 13 құнды жәдігерлер кітап және белгілі саяхатшы Л.Кун мен В.Веречагиннің альбомынан Түркістан қаласының ХVІІІ ғ. келбетін көруге мүмкіндік алды. Аталмыш көрмедегі құнды жәдігерлер — Әмір Темір дәуірінен сақталған Тайқазан, ту, қақпаның тоқпақшасы және Лауханның көшірмелері, шырағданның түпнұсқасы, ХVІІІ ғасыр жәдігерлері қойылды. Сонымен қатар, ғылыми қызметкер Т.Оразов «Музей қорында сақталған жәдігерлер», Д.Арынова «Ұлы дала тұлғалары», И.Жалишева «Ұлы дала тарихы» және экскурсовод Қ.Нұрахметова «Түркістан тарихы және Абай» тақырыптарында лекциялар өткізілді.

Аталмыш іс-шараға мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Биылғы жылдың атаулы шаралары жайлы толыққанды түсіндіріліп, оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып қызықты пікірталас өтті.

Алдыңғы ақпарат

«Ясауитану» байқауының тарихы

Келесі ақпарат

Қазақтардың рухани әлемі Әл-Фарби және Абай