Қазақтардың рухани әлемі Әл-Фарби және Абай

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып, Түркістан қаласындағы №8 Н.Төрекулов атындағы жалпы орта мектебіне «Ұлы дала тарихы» ( Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, мерейтойы) «Қазақтардың рухани әлемі Әл-Фарби және Абай» тақырыбында кітап және фото көрме қойылды. Сонымен қатар, экскурсовод С.Ералиева «Ұлы халықтың –ұлы Абайы» Ғылыми қызметкерлері И.Джалишева « Абайдың дүниетанымы» және Т.Оразов «Әлемге әйгілі ойшыл филосовтар Әл-Фараби және Абай» тақырыбында лекциясы өткізілді.

Аталмыш іс-шараға мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Биылғы жылдың атаулы шаралары жайлы толыққанды түсіндіріліп, оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып қызықты пікірталас өтті.

Алдыңғы ақпарат

Қызыл Әскер жалпы орта мектебіне «Рухани астана Абайды ұлықтайды» тақырыбында көрме қойылды

Келесі ақпарат

АУҒАН АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ….