ТАРИХ АПТАЛЫҒЫНДА ҚҰНДЫ МҰРАЛАР КӨРСЕТІЛДІ

«Әзірет-Сұлтан» музей-қорығы қаламыздағы Абай атындағы №31 мектебі мен Н.Некрасов атындағы №39 мектеп-гимназиясында, тарих апталығына орай, көшпелі көрме ұйымдастырды. Оған мектептердің 8-11 сыныбының оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.
Көрме аясында оқушылар өздерінің дайындаған ғылыми жобаларымен таныстырып, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтерінен үзінділер оқыды.
Көрмені ұйымдастырушы музей қызметкерлері көрме экспозициясына қойылған әрбір құнды жәдігерлердің тарихымен таныстырды. Музейдің құнды һәм көне жәдігерлері тыңдармандарды таңдай қақтырды. Көрме арқылы мол мағұлмат алған мектеп басшылығы, музей-қорық ұжымына, ұйымдастырушыларға риясыз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай көрмелерді бірлесе атқаруға шақырды.
Алдыңғы ақпарат

Музей қорындағы ХІІІ ғасырға тән Алтын динарлар

Келесі ақпарат

ЯСАУИ БАБАМЫЗДЫҢ «ПАҚЫРНАМАСЫ» ЖӘНЕ ПАҚЫРЛЫҚТЫҢ МӘНІ