ТӘУБЕ БАБЫ

«Бустан ул-мухиббиннен» үзінді
Ол – Исламдағы парыздардың бірінен. «Фатауа әл-Иршадта»: «Тәубе сопылардың рухани өсудегі сатыларының әуелгісі» делінген. «Фатауа Қуту әл-Қулубта»: «Осы халыққа тәубеден асқан міндетті және тәубеге келмеуден өткен оларға жазасы өте қатты болатын нәрселер жоқ. Сондықтан да адам ұрпақтарына тәубенің ғылымын фарыз қылды. Егер кісі парыз емес десе, кәпір болады. Егер бұл қаулыға разы болған біреу болса, ол да кәпір болады. «Халисату әл-Хақаиқта»: «Барлық күнә қылғандарға күнәлар кішігірім болсын, үлкен болсын тәубе қылу – парыз. Тәубені тәрк қылуға үзір жүрмейді» дейді.
Тәубе үш түрлі болады: Ашықтан-ашық жасап жүрген күнәға тәубе қылып қайтуды қарапайымдардың (қара халықтың, жалпы мұсылмандардың) тәубесі дейді. Жаман мінез-құлықтарына ішінен тәубе қылып қайтуды салих адамдардың тәубесі дейді. Құдайдан ғапыл болғандығы үшін тәубе қылуды – арнайы, ерекше адамдардың ішіндегі ерендердің тәубесі дейді.
Тәубенің шарттарының белгілері үшеу: Өткен күнәларға өкініп пүшайман болу, күнәларынан бас тарту және сол күнәні ешқашан орындамаймын деп берік те бекем шешім қабылдасын. Бұл үш шарт тарапына назар аударуға нышан керек. Нышан сол дүр кім тәубе қылғанда қасірет тартып, өкініп, опық жегеніне әрқашан жылап, налып, қорқып дірілдеп, өз-өзін қор санап, өткен күнә-қылмыстарының қаралығы жүрегінен пәк болып, Хақтың махаббаты онда орнағанша өмірінің ақырына дейін жалынып жалбарынумен болсын. Күнәларының қаралығы көңілінен кетіп таза болмаса, Хақ махаббаты жүрегіне келмейді.
… Шариғат тәубесін баяндауды бастадық. Кімде-кім тәубе қылып, сонан кейін тәубесін бұзып, сонан кейін қайта тәубе қылса екінші мәрте, үшінші мәрте соңына дейін, егер тәубе аталған үш шартқа сай болса ғана қабыл болады. Екінші, үшінші тәубелер алдыңғы бұзған тәубені түзеуші екендігінде күмән жоқ. Барлығы «Раузатта» баяндалған. «Фәтауа Мифтаху әл-Футухта»: «Расында егер ол тәубе қылып, сонан кейін тәубе қылған күнәсіне қайта оралар болса, сонан кейін екінші мәрте ықыласпен тәубе қылса, онан кейін де тәубесін мың-мың мәрте бұзған болса да, ықыласпен тәубе қылса, тәубесі қабыл болады. «Буста» тәпсіріндегі Һуд сүресінің тәпсірінде бағзы салихтар: «Күнәдан, қылмыстан түбегейлі бас тарттым, бет бұрдым, қойдым демей истиғфар айтып, кешірім сұрау – өтірікшілердің тәубесі» дейді. Себебі күнә-қылмыстан түбегейлі бас тартудың, бет бұрудың жоқтығы – ықыластың жоқтығын білдіреді. Сондықтан да тәубеміз және басқа да құлшылықтарымыз бірге қосылып қабыл болуы үшін {мұны} [бас тартулықты] ықыласпен қылуға міндеттіміз. «Халисату Әл-Хақаиқтың» сегізінші бабында: «Ықылас дегеніміз – Алладан басқаға аян болмайтын бір мезетте сөзбен, іспен және жүрекпен жүзеге асырылатын әрекет» дейді. Жунайд: «Ықылас дегеніміз – Алла мен құлдың арасындағы сыр. Оны жазатын періште де білмейді. Күнәні қалап тұратын құмарлық, құштарлық, көңілі ауулық деген болмайды. Оны тәубені бұзатын {инфекция, жұқпа} [дұшпан] да болмайды» дейді. Адим айтады: «Ықылас дегеніміз – іс-әректіңізге деген көзқарасыңызды өзгерту». Хузайфа айтады: «Ықылас дегеніміз – құлдың іс-әрекетінің сыртқы және ішкі дүниесінде теңесуі».
Алдыңғы ақпарат

Итальяндықтар Түркістанда

Келесі ақпарат

ТӘУБЕ БАБЫ (жалғасы