МАҢЫЗДЫ :

nothing found

Итальяндықтар Түркістанда

Итальяндық «Overland» жобасының түсірілім тобы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығына қарасты тарихи ескерткіштермен танысты. Танымал телепродюссер Беппе Тентидің жетекшілігіндегі жоба 1995 жылы әлемнің түкпір-түкпіріндегі белгісіз жерлерді көрсету мақсатында құрылған. Бұл бағдарламаның орташа аудиториясы 2,8 миллионға тең, көрермендердің рекордтық көрсеткіші 5,1 миллионға жеткен екен.
Түсірілім тобының мамандары Филиппо мен Франческо ортағасырлық сәулет туындысы ретінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі күрделі құрылысының ерекшелігіне таңданыстарын жасыра алмады. Сапарларының басты мақсатымен таныстыра келіп, Қазақстанға екі апта мерзімге, екі сериялы теле-эпизод түсіруге келгендерін жеткізді. Италия аудиториясы мен халықаралық аудитория үшін қазақ елінің табиғаты, жергілікті халықтың мәдениеті, тарихи көрнекті жерлерді таныту бағыттары бойынша жұмыс жүргізіледі. Топтың әр сапарының фото және видео материалдары әлеуметтік желілер мен «Overland» https://www.overland.org/ ресми сайтында жарияланады.
Түсірілім тобы мүшелері Ясауи кесенесі сыртқы қабырғаларындағы жазуларға, қаланың көне нүктесі саналатын Күлтөбе қалашығына қызығушылық танытты.
Алдыңғы ақпарат

АҚШ КОНГРЕССМЕНДЕРІ КЕЛДІ

Келесі ақпарат

ТӘУБЕ БАБЫ