Түрлі ұлт өкілдері қазақ ұлттық аспаптарында ойнап, өнер көрсетті

Алматыда «Өнеріміз саған – Қазақстан!» атты музыка фестивалі өтті. Оған қазақ ұлттық аспаптарын жетік меңгеріп, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін әртүрлі ұлт орындаушылары қатысты.

Атап айтқанда, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында Олег Никитин домбырада Құрманғазының «Адай» күйін, Бабек Иылдырым қобызда «Қаракемер» күйін орындап, халықты тәнті етті. Денис Яковлев халық әні «Екі жиренді», опера әншісі Ангелина Югай «Қуанамын» әнін, Роксана Құрбанова халық әні «Арман-айды» көрермендердің ерекше қошеметіне бөлене отырып орындады, сондай-ақ басқа да артистер тамаша өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама Игорь Благодарныйдың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда тұратын этникалық топтар арасында қазақ халқының өнері мен мәдениетін жан-жақты насихаттау, орындаушылардың кәсіби шеберлігін арттыру.

Алдыңғы ақпарат

Түрік ғалымдары Әзірет Сұлтанға зиярат етіп, кесененің жай-күйімен танысты

Келесі ақпарат

Қазақстанда Қырғыз Республикасының мәдениет күндері басталды