Түрік ғалымдары Әзірет Сұлтанға зиярат етіп, кесененің жай-күйімен танысты

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай Мəдениет жəне спорт министрі Д.Абаевтың халықаралық байланысты нығайту жөніндегі тапсырмасына сəйкес жəне Ислам тарихы, өнері жəне мəдениетін зерттеу орталығының (IRCICA) Бас директоры Махмуд Эрол Кылычтың арнайы шақыруы бойынша «Əзірет Сұлтан» музей-қорығының директоры М.Садықбеков Түркияның Ыстанбұл қаласында орналасқан аталған зерттеу орталығында болып, түркиялық əріптестердің жұмысымен танысып, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып қайтқан болатын.
Орталықтың реставрация бөлімінің басшысы доктор Алидост Ертуғрулмен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құздану мəсселелерін талқылаған.
Міне, сол түркиялық әріптес бауырлар кеше Түркістанға келіп, Әзірет Сұлтанға зиярат етіп, кесененің жай-күйімен танысты. Бүгін Түркістан облысы әкімдігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, ХҚТУ, т.б. ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ескерткіштерді қорғайтын халық» құнды мұра, қасиетті орындар мен тұрақты туризм бойынша халықаралық конференцияға қатысуда. Конференцияны ұйымдастырушылардың сапында Ислам тарихы, өнері жəне мəдениетін зерттеу орталығы (IRCICA) да бар.
Алдыңғы ақпарат

Дәурен Абаев еліміздегі кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтады

Келесі ақпарат

Түрлі ұлт өкілдері қазақ ұлттық аспаптарында ойнап, өнер көрсетті