ТҮРКІСТАН АРХЕОЛОГИЯСЫ

XIX-XXғғ. басында Түркістан жайлы орыс шығыстанушы ғалымдары көптеген материалдар жариялады, дегенмен негізгі археологиялық зерттеуді 1928ж. М.Е.Массон ғана жүргізді. Бұл жұмысты әрі қарай 1947-1951жж. А.Н.Бернштам, Е.А.Агеева, Г.И.Пацевичтер, 1952-1957жж. К.А.Шахурин, Н.Б.Немцевалар, 1972-1973жж. Т.Н.Сенигова, 1975-1979. Л.Б.Ерзакович, Б.Нурмухамбетовтер жүргізді, бірақ бұл жұмыстардың барлығы кесене айналасы мен цитаделден әрі аспады.
1979-1984жж. Отырар экспедициясының Түркістан отряды (Е.Ә.Смағұлов пен М.Қ.Тұяқбаев) Ясы-Күлтөбе қаласында қазба жүргізді. 1996ж. «Әзірет Сұлтан» музей-қорығымен Археология институты бірігіп, Түркістан археологиялық экспедициясын құрып (Е.Ә.Смағұлов пен М.Қ.Тұяқбаев) Түркістан, Ясы-Күлтөбе, Сауран, Қаратөбе-Сауран, Сидақ ата, Шойтөбе-Шауғар қалаларында 2015жылға дейін көптеген ірі қазбалар жүргізді. Бұл жұмысқа археологтар Ә.О.Итенов, А.Ержигитовалар көп үлес қосты.
Осы уақыт аралығында экспедиция Түркістан ауданында орналасқан ежелгі дәуір мен ортағасырларға жататын 58 қаланы, 250 кәріз жүйесін, 200-ден асатын қорымдар, қорғандар, мазарлар, кесенелерді зерттеді. Бұрын ғылымға белгісіз 32 қала мен қонысты, қала дәуірінде қалыптасқан Шербай, Шыпан, Қалашық қорымдарын, 220 кәріз жүйесін тауып, зерттеп, ғылыми айналымға енгізді.
Салимжан Салходжаев, тарихи ескерткіштерді қорғау инспекторы.
Алдыңғы ақпарат

БЕРЕЛ ҚАЗЫНАЛАРЫ

Келесі ақпарат

Қазақтың киіз үйі Германияда өткен ірі халықаралық туристік көрменің көзайымы болып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды