ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейімен танысты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және оның аумағындағы тарихи-мәдени нысандардың тарихымен танысып шыққан қала басшысы 88,7 га аумақты сақтап-қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пікір бөлісті.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағының тарихи қалпын сақтай отырып қайта жаңарту, туристерді тарту бағытында қолға алынған үш жылдық жоба-жоспарлар және қорық-музей жасаған бес жылдық жоба-жоспарларды таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетті.

Алдыңғы ақпарат

«Рухани астана Абайды ұлықтайды» тақырыбында көрме қойылды

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі Жастар ресурстары орталықтарымен меморандум жасады