• 30 Қыркүйек 2020

«Рухани астана Абайды ұлықтайды» тақырыбында көрме қойылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын негізге ала отырып, 14 ақпан 2020 жылы Кентау қалалық білім бөліміне қарасты А.Үсенов және Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектептерінде «Рухани астана Абайды ұлықтайды» тақырыбында көрме қойылды. Көрмеде Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсетуді және Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, Алтын Ордаға 750 жылдық мерейтойын атап өтуді мақсат тұтады.

Көрмеде музей қорынан 13 құнды жәдігерлер кітап және белгілі саяхатшы Л.Кун мен В.Верещагиннің альбомынан Түркістан қаласының ХVІІІ ғ. келбетін көруге мүмкіндік алды. Аталмыш көрмедегі құнды жәдігерлер — Әмір Темір дәуірінен сақталған Тайқазан, ту, қақпаның тоқпақшасы және Лауханның көшірмелері, шырағданның түпнұсқасы, ХVІІІ ғасыр жәдігерлері қойылды. Сонымен қатар, ғылыми қызметкер Т.Оразов «Музей қорында сақталған жәдігерлер», Д.Арынова «Ұлы дала тұлғалары», И.Жалишева «Ұлы дала тарихы» және экскурсовод Қ.Нұрахметова «Түркістан тарихы және Абай» тақырыптарында лекциялар өткізілді.

Көрмелердің барынша қызықты және танымдық жағы басымды болуы мақсатында қызметкерлер қордағы түпнұсқа, көне жәдігерлерді шығарып тамашалаушы көрермен назарына ұсынды. Өскелең ұрпақтың жазылмаған, таза парақ екенін ескерер болсақ олардың бойына мектептен, сыныптан тыс өзгеше жағдайда туған жерге, төл тарихымызға деген құрмет пен махабатты егудің маңызы зор. Халқымыздың «Оқып үйрен, ғалым бол, ең керегі – адам бол» деген тамаша даналық сөзі бар, бұл мақал адамды адам ететін ең басты нәрсе білім емес, тәрбие екенін меңзейді. Ал, музейлерде қордаланған жәдігерлер арқылы жас жеткіншектерді тарихымызға, ұлттық тамырымызға үңіліп қарауға, күнделікті көріп жүрген дүниелеріне, айналасына басқа қырынан қарауға, еркін ойлануға, қиялын дамытып, тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік зор. Музейдің қоғамдық институт ретіндегі басты қызметі де осы болып табылады.

Аталмыш іс-шараға мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Биылғы жылдың атаулы шаралары жайлы толыққанды түсіндіріліп, оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып қызықты пікірталас өтті.

Алдыңғы ақпарат

АУҒАН АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ….

Келесі ақпарат

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІМЕН ТАНЫСТЫ