«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директоры Нұрболат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай мекеме қызметкерлері арасындағы бұқаралық спорт түрлерінен өткен сайыстың жеңімпаздарын марапаттады.
Қорық-музей жұмысын жандандыру жолында өзіндік елеулі үлестерін қосумен қатар салауатты өмір салтын насихаттау бағытында қолға алынған шараға да белсенділік танытып, қарым-қабілеттерін көрсете білген барша қызметкерлерге алғысын білдірген қорық-музей басшысы спорттық жарыстар алдағы уақытта футбол, волейбол, баскетбол ойындармен жалғасын табатынын жеткізді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК шахмат, дойбы бойынша ұйымдастырған турнирдің мақсаты — Тәуелсіздік күніне орай еліміздегі бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, мекеме қызметкерлерінің интеллектуалдық танымын арттыру және бұқаралық спортқа баулу болып табылады.
Қорық-музейдің 20 — 63 жас аралығындағы қызметкерлері қатысқан жарысқа музей қызметкерлері және қалалық Балалар мен жасөспірімдер орталығының шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмесінің мамандары қазылық жасады.
Шахмат жарысы бойынша қорық-музейдің электр маманы Қадыров Марат I орынды (30 000 теңге) иеленсе, кіші ғылыми қызметкер Байсейт Сұлтан II орынға (20 000 теңге), шаруашылық қызметкері Убайдуллаев Убайдулла III орынға (10 000 теңге) лайық деп танылды.![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2020/12/131335720_1816376035185703_64837836599541067_n.jpg)
![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2020/12/131335720_1816376035185703_64837836599541067_n.jpg)
![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2020/12/131128942_1816376191852354_125363005090266594_n.jpg)
![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2020/12/131326988_1816376361852337_6402278259070832551_n.jpg)
Дойбы ойыны бойынша қарсыластар ішінен оқ бойы озық шығып I орын тұғырынан музей қараушысы Керимов Самат (30 000 теңге) көрінді. Сондай-ақ, шаруашылық қызметкері Шереханов Нұрбол II орынды (20 000 теңге) қанжығасына байласа, ғылыми қызметкер Арынова Динара III орынды (10 000 теңге) иеленді.
![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2020/12/131128935_1816376085185698_5944919813810357063_n.jpg)
![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2020/12/131510360_1816376245185682_8171598756838256651_n.jpg)
![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2020/12/131130275_1816375998519040_430810349389079227_n.jpg)
Жеңімпаздар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директоры Нұрболат Қадырұлының арнайы алғыс хаты және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.