Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК қызметкерлері арасында шахмат, дойбыдан спорттық сайыс өтті.
Еліміздегі бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, мекеме қызметкерлерінің интеллектуалдық танымын арттыру және бұқаралық спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа қорық-музейдің 20 — 63 жас аралығындағы қызметкерлері қатысты.
Спорттық жарысқа қорық-музейдің жауапты қызметкерлері және қалалық Балалар мен жасөспірімдер орталығының шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмесінің мамандары қазылық жасады.![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2020/12/131173990_1816302371859736_7075888079750125222_n.jpg)
![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2020/12/131173990_1816302371859736_7075888079750125222_n.jpg)