СЕГІЗ ҚЫРЛЫ САҒАНАНЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Сегіз қырлы сағанада қайта жаңарту жұмыстары жүруде.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шығыс мұнарасынан оңтүстікке қарай 40 метр жерде орналасқан сағананы қайта жаңарту жұмыстарымен «Қазқайтажаңарту» кәсіпорны айналысуда.

ХІV-ХVІІ ғасырларға тән ескерткішті жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айының соңында аяқталады деп жоспарланған.

Айта кетсек, тарихи зерттеулер бойынша Сегіз қырлы сағанаға 1715-18 жылдар аралығында қайтыс болған Тәуке хан мен оның ұлдары Болат хан және Сәмеке хан жерленген деп болжанады.

Мұны 1958 жылы ғалым Б.Н.Немцева, 1974 жылы Т.Н.Сенигова, 1997 жылы Е.Смағұлов зерттеп, архитектор Н.Х.Имажанов тұмшалау жобасын жасаған.

Алдыңғы ақпарат

ЖҮСІП АТА КЕСЕНЕСІ МАҢАЙЫНА РАУШАН ГҮЛДЕРІ ЕГІЛІП, ОРЫНДЫҚТАР ОРНАТЫЛУДА

Келесі ақпарат

Мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлерді үш санатқа бөліп, жұмыс тәртібін өзгертті