Қожа Ахмет Ясауи

Қожа Ахмет Ясауи аса атақты түркі әулиесі, дін таратушы, сопылық бірлестіктің негізін қалаушы болды. Күллі түркі әлемінде оның «Диуани хикмет» атты шығармасы кең тарады. Онда ислам құндылықтары насихатталып, қоғамдағы олқылықтар әшкереленген.

Жергілікті аңыздар бойынша Қожа Ахмет Ясауи Шымкент қаласына жақын жердегі ортағасырлық Сайрам қаласында дүниеге келген. «Хазинат ал-асфийа’» атты қолжазба кітаптағы мәлімет бойынша, «Қожа Ахмет бала кезінде ұлы түркі шайқыларының бірі Арыстанбабтың назарына ілікті. Алланың елшісі Мұхаммедтің тапсыруымен Арыстанбаб Қожа Ахметке рухани және тән тәрбиесін берді. Оның қызметінде жүріп Қожа Ахмет көп нәрсе үйренді».

Қожа Ахмет дүние салған соң Ясы елді мекенінің мазаратына жерленді. Нақты тарихи тұлға болып табылатын шайқы Қожа Ахметтің өмір сүрген уақыты жөнінде екі түрлі пікір бар. Бір зерттеушілер оны XII ғасырдың басында дүниеге келіп, XIII ғасырдың басында дүние салған деп санайды, екінші ғалымдар оның қайтыс болған уақытын — 562/1166-67 жыл деп көрсетеді.

 

Алдыңғы ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің архитектурасы мен құрылымы

Келесі ақпарат

КӨШКІНШІ ХАН ӘБІЛХАЙЫР ҰЛЫ